28.11.2012, 22:49 3181

Қазақстандық кәсіподақтардың рөлі мен жауапкершілігі күшейе түседі - баспасөз баяны

"Кәсіподақтардың даулы мәселелерді шешудегі рөлі мен жауапкершілігін арттыруға үлкен назар аударылуда. Икімшілік және қылмыстық кодекстерге өзгерістер енгізілетін болады", - деді С.Ибденов.

Қазақстанда кәсіподақ ұйымдарының рөлі мен жауапкершілігін күшейту жоспарлануда, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Ибденов.

"Кәсіподақтардың даулы мәселелерді шешудегі рөлі мен жауапкершілігін арттыруға үлкен назар аударылуда. Икімшілік және қылмыстық кодекстерге өзгерістер енгізілетін болады", - деді С.Ибденов.

Министр атап өткендей, кәсіподақ жүйесі орталық республикалық деңгейден жеке кәсіпкерлік деңгейіне дейін жұмыс істейтін болады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпарына қарағанда, қазіргі кезде кәсіподақтар ұйымдарын жетілдіру мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленіп жатқан "Кәсіподақтар туралы" Заң жобасы аяқталуға жақын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны