30.07.2012, 10:52 3172

Қазақстандық кәсіпорындар БҰҰ азық-түлік қауіпсіздігі инспекциясынан өтеді

Жыл сайын халықаралық ұйымдар (БҰҰ, Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай және де басқа ҮЕҰ) гуманитарлық көмек көрсету үшін белгілі бір тауар түрлерін сатып алады. Олардың ішінде анағұрлым көп сатылып алынатыны - азық-түлік тауарлары. Азықтық гуманитарлық көмек көрсетумен БҰҰ БАБ кең көлемде шұғылданады.

Астана. 30-шілде. Kazakhstan Today - Қазақстандық кәсіпорындар БҰҰ азық-түлік қауіпсіздігі инспекциясынан өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

30 шілдеден 4 тамызға дейін Астанада, Алматыда және Шымкентте орналасқан азық-түлік өндіруші 10 қазақстандық кәсіпорын азық-түлік қауіпсіздігі инспекциясынан өтеді, деп хабарлайды "Kaznex Invest" экспорт және инвестиция жөніндегі ұлттық агенттіктің баспасөз қызметі. Хабарламада аудит өткізу үшін Қазақстанға БҰҰ жүйесіне кіретін Бүкіләлемдік азық-түлік бағдарламасының (БАБ) сарапшысы, сапаны бақылау бөлімінің қызметкері Ина Хайдоутов ханым келді. Бұл шараны ҚР ИЖТМ "Kaznex Invest" экспорт және инвестиция жөніндегі ұлттық агенттік ұйымдастырып отыр және бұл агенттіктің қазақстандық өндірушілерді гуманитарлық сатып алулар нарығына жылжыту жолындағы көлемді жұмыстарының бір бөлігі болып табылады.

Жыл сайын халықаралық ұйымдар (БҰҰ, Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай және де басқа ҮЕҰ) гуманитарлық көмек көрсету үшін белгілі бір тауар түрлерін сатып алады. Олардың ішінде анағұрлым көп сатылып алынатыны - азық-түлік тауарлары. Азықтық гуманитарлық көмек көрсетумен БҰҰ БАБ кең көлемде шұғылданады.

"Бүкіләлемдік азық-түлік бағдарламасы үшін әлеуетті жеткізушілерді таңдау барысындағы басты өлшем - азық-түлік қауіпсіздігі инспекциясының қорытындылары болып табылады. Аудиттен табысты өткен кәсіпорындарда БАБ жеткізушісі болу мүмкіндігі пайда болады, сөйтіп ол өз экспортының көлемін арттыра алады. Бүгінгі күні тек екі отандық компания ғана осы ұйыммен ынтымақтастықта жұмыс істеуде. 2010 жылы БАБ есебі бойынша сатып алулардың жалпы көлемі 2,7 млрд АҚШ долларына жеткен, оның ішінде Қазақстанның үлесі бар болғаны 14,5 млн АҚШ доллары ғана", - деп түсініктеме берді "Kaznex Invest"-тің Алматыдағы өкілдігінің директоры Сәбит Нарбаев.

Инспекциядан басқа, 31 шілде күні Алматыда БАБ сарапшысы мен "Kaznex Invest" азық-түлік өндірісі кәсіпорындарының өткізу/сату және сапа бөлімдерінің қызметкерлері үшін "Гуманитарлық көмек тауарларының (азық-түлік өнімдері) ерекшеліктері мен сертификатталуы" тақырыбында семинар өткізеді.

"Бұл оқыту тренингі өткен жылғы "Халықаралық гуманитарлық ұйымдармен бизнес жүргізу" семинарының заңды жалғасы болып табылады. Оны өткізу үшін "Kaznex Invest" агенттігі БҰҰ жүйесі ұйымдарының сатып алу бөлімдерін (БҰҰ Дамыту бағдарламасы, БҰҰ БАБ, БҰҰ Қашқындар ісі жөніндегі бас комиссарының басқармасы-ҚБКБ, БҰҰ Балалар Қоры) тартқан болатын", - делінген "Kaznex Invest" баспасөз қызметінің хабарламасында.

БҰҰ Бүкіләлемдік азық-түлік бағдарламасы - әлемдегі ең ірі гуманитарлық ұйым. 1963 жылы БҰҰ жүйесінде азық-түлік жөнінде көмек көрсететін орган ретінде құрылған. Оған дамушы елдердегі аштық пен жоқшылық зардабын тартқан мұқтаж жандарға көмек көрсету тапсырылған. БАБ азық-түлік көмегін экономикалық және әлеуметтік дамытуға ықпал ету үшін де пайдаланады. БАБ әскери қақтығыстар, табиғи немесе техногендік апат сияқты төтенше жағдайлар кезінде құрбандарға жедел көмек көрсетумен айналысады, деп хабарлайды рm. kz сайты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны