06.09.2007, 16:00 3011

Қазақстандық кеденшілер Ресей мен Түркияға 2 мыңға жуық тері шығаруға жасалған контрабандалық әрекеттің жолын кесті

Қазақстандық кеденшілер Ресей мен Түркияға 2 мыңға жуық тері шығаруға жасалған контрабандалық әрекеттің жолын кесті.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 6 қыркүйек. АСТАНА. Қазақстандық кеденшілер Ресей мен Түркияға 2 мыңға жуық тері, соның ішінде қаракөл елтірісін шығаруға жасалған контрабандалық әрекеттің жолын кесті. Бұл туралы агенттікке ҚР Қаржы министрлігі кеден комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Атап айтсақ, баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Ақтөбе облыстық кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері Қызылорда облысының тұрғынының үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 209 бабы (экономикалық контрабанда) бойынша қылмыстық іс қозғады. Одан Алматы мен Мәскеу арасында қатынайтын поездегі тексеру кезінде құны 1 млн 885 мың теңге тұратын 920 қаракөл елтірісі тәркіленді.

Бұған қоса, "Атырау облыстық Кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері Алматы - Атырау - Стамбул бағытында қатынайтын әуе рейсіне кедендік тексеру жүргізу барысында ұшақ бортынан салмағы 316 кг болатын бес қорапты алды, олардан 994 дана белгісіз аңның өңделген терісі табылған", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны