11.09.2007, 14:29 2631

Қазақстандық кеденшілер республикаға аквариум балықтарын контрабандалық жолмен әкелмек болған деректің алдын алды

Қазақстандық кеденшілер республикаға аквариум балықтарын контрабандалық жолмен әкелмек болған деректің алдын алды.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 11 қыркүйек. АСТАНА. Қазақстандық кеденшілер республикаға Өзбекстаннан аквариум балықтарын контрабандалық жолмен әкелуге жасалған деректің алдын алды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Кеденшілердің ақпараттарына сүйенсек, "Жібек жолы" өткізу бөлімінде Өзбекстаннан жаяу келе жатқан Қазақстан азаматы ұсталған. "Ер азаматтың жеке басын куәландыратын куәлігі мен алып келе жатқан жүгін - оншақты түрлі 35-тен астам дана аквариум балықтарына қажетті құжаты болмаған",- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.

Кеденшілердің түсіндіруінше, балықтар Сарыағаш қаласының мал дәрігерлік қадағалау мекемесіне жөнелтілген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны