06.04.2017, 16:20 5146

Қазақстандық офицер Батыс Сахарадағы БҰҰ миссиясыныӊ штабында жоғары лауазымға тағайындалды

Батыс Сахарада (MINURSO) референдум өткізу кезінде бейбетшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымыныӊ миссиясына қатысушы Қазақстан Қарулы Күштерініӊ офицері подполковник Данияр Исмаилов күштер қолбасшысыныӊ өкімімен штабтыӊ оқу бөлімі бастығы лауазымына тағайындалды.

Астана. 6 сәуір. Kazakhstan Today - Батыс Сахарада (MINURSO) референдум өткізу кезінде бейбетшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымыныӊ миссиясына қатысушы Қазақстан Қарулы Күштерініӊ офицері подполковник Данияр Исмаилов күштер қолбасшысыныӊ өкімімен штабтыӊ оқу бөлімі бастығы лауазымына тағайындалды.

Жаӊа лауазымда әскери қызметші оқыту стандарттарына, олардыӊ тапсырмаларды тиімді орындауы үшін барлық әскери қадағалаушылардыӊ дайындығы мен әзірлігіне жауап береді. Оныӊ міндеттеріне штабтағы барлық әскери оқу іс-шараларын үйлестіру, мамандарды дайындауды ұйымдастыру, негізгі, сондай-ақ, қажетті кешенді жаттығулардыӊ басымдықтарын бағалау және анықтау кіреді. Одан басқа, қазақстандық офицер БҰҰ-ныӊ миссиясына қатысу үшін келген әскери және азаматтық персоналдан ағылшын тілінен емтихан қабылдайды және жетекшілік етеді. Өткізілетін оқу іс-шаралардыӊ мониторингісі мен бағалауды жүргізеді.

Подполковник Данияр Исмаилов БҰҰ-ныӊ миссиясында 2016 жылғы 11 қарашадан бастап жүр. Бұдан бұрын ол жаӊадан келген әскери қадағалаушыларды оқыту және дайындаумен, тренингтерді ұйымдастырумен айналысқан. Жаӊа лауазымға миссияда өзініӊ қызметтік міндеттерін үлгілі және кәсіби тұрғыда орындағаны, Ирактағы бітімгершілік миссияға қатысудағы тәжірибесі мен кәсібилігі үшін тағайындалды.

Қазіргі уақытта Батыс Сахарадағы (MINURSO) БҰҰ-ныӊ миссиясында әскери қадағалаушылар ретінде Қазақстан Қарулы Күштерініӊ төрт офицері қатысып жатқанын айта кеткен жөн. Миссия қолбасшылығыныӊ айтуы бойынша олардыӊ барлығы, сондай-ақ, БҰҰ-ныӊ миссиясына қатысуды аяқтағандар өздерін өз істерініӊ шеберлері мен үлгілі әскери қызметшілер ретінде көрсетті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны