23.02.2017, 19:28 7291

Қазақстандық офицер Кот-д Ивуардағы миссия нәтижелері бойынша БҰҰ медалімен марапатталды

Искери бақылаушы ретінде ол бір жыл бойы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі БҰҰ миссиясына қатысты.

Астана. 23 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанға Кот-д Ивуардағы бітімгершілік миссиясынан кейін Қарулы Күштердіӊ офицері Асылхан Амағалиұлы оралды,- деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігі.

Искери бақылаушы ретінде ол бір жыл бойы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі БҰҰ миссиясына қатысты.

Бұл миссияға қатысушы әскери қызметшілердіӊ негізгі міндеттері Мали Республикасындағы шекара аудандарындағы жалпы ахуалға, атап айтқанда, бейтаныс қарулы құрамалардыӊ заӊсыз шекарадан өтуін анықтау, наркотикалық және түрлі психотроптық заттарды, түрлі қарулар мен оқ-дәрілерді, жарылыс заттарын, сондай-ақ олардыӊ түрлі компоненттерін анықтау, шиеленісті оқиғалардан кейін елге оралатын босқындардыӊ ауысуын бақылау мониторингін жасау болды.

Капитан Асылхан Аманғалиұлы миссия барысында үздік бітімгершілік даярлығы бар білікті маман, офицер ретінде көрініп, әскери бақылаушыларға берілген талаптарды мінсіз және үлгілі орындағаны үшін БҰҰ медалімен марапатталды.

Бітімгершілік іс-қимылы халықаралық міндеттемелерді орындауда, Қазақстанныӊ мүддесі мен әлемдік аренада елдіӊ беделін, әскери-саяси ұстанымдарды арттыруда маӊызды. Қазақстандық бтімігершілік топтарыныӊ даярлығы бүгінде халықаралық стандартқа сәйкес. Осы бағыттарда бітімгершілік операцияларына даярлық жөнінде курстар ұйымдастырылып, оқу-жаттығу орталықтары құрылды. Аталған жерлерде БҰҰ миссиясына қатысуда тәжірибесі бар офицерлер тәжірибелерімен бөлісіп, өздерініӊ әріптестерін оқытады. Бірліккен ұлттар ұйымы қазақстандық офицерлердіӊ БҰҰ ағымдағы операцияларына қосқан үлесін атап өтіп, қазақстандық бітімгершілік бөлімшелердіӊ даярлығына жоғары баға берді.

Қазіргі уақытта БҰҰ бітімгершілік миссиясымен ҚР ҚК төрт офицері қызмет етіп жүр. Искери бақылаушы ретінде олар Батыс Сахарадағы миссияларға қатысуда. 2014 жылдыӊ шілдесінен бастап Батыс Сахара мен Кот-ДИИвуардағы БҰҰ бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияларына әскери бақылаушылар ретінде Қазақстан Қарулы Күштерінен барлығы 11 офицер қатысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны