02.12.2012, 13:48 2627

Қазақстандық өндірушілер Кедендік одақ аясында шеберлігін шыңдап, одақ көлеміндегі бәсекелестікті жеңгеннен соң ғана әлемдік рынокқа шығулары тиіс

Қазақстан жан басына шаққанда ІЖӨ көлемі бойынша Шығыс Еуропа елдерімен теңесті, деп атап өтті ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қарағанды. 2-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстандық өндірушілер Кедендік одақ аясында шеберлігін шыңдап, одақ көлеміндегі бәсекелестікті жеңгеннен соң ғана әлемдік рынокқа шығулары тиіс, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан жан басына шаққанда ІЖӨ көлемі бойынша Шығыс Еуропа елдерімен теңесті, деп атап өтті ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

"Биылғы жылы ІЖӨ деңгейі бойынша әр адамға шаққанда 13 мың долларға жетеміз. Салыстыратын болсақ, ең дамыған елдерде - әр адамға 25-30 мың доллардан келеді. Бірақ та өз көрсеткішімізбен Мексика, Чехия, бүкіл Шығыс Еуропа мемлекеттерінің қатарына теңестік", - деді Н.Назарбаев аймаққа жұмыс сапарының барысында Қарағанды облысы әкімдігінде жұртшылықпен кездесуінде.

Қазақстан әлемнің неғұрлым дамыған елдерінің 30-дығына кірді, деп еске салды Мемлекет басшысы. "Біз бұдан да жоғары міндет қойып отырмыз", - деп атап көрсетті ел Президенті.

Президент сондай-ақ тәуелсіздік жылдары елімізге 170 млрд. доллар көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тартылғанына тоқталды. "Ол қаражат болмағанда, бүгінгі жетістіктер де болмас еді", - деп атап өтті Н. Назарбаев.

Елбасының айтуынша, алға қойған мақсаттарды орындау үшін ел экономикасы кемінде жылына 6-7% өсім қарқынымен дамуы қажет.

"Біз ДСҰ-ға кіру қарсаңында тұрмыз. Илемге ашыла отырып, индустриясыздандырудың қаупін де естен шығармау керек. Егер біздің тауарлар сапасы мен бағасы тұрғысынан шетелдік бәсекелестеріне жол беретін болса, отандық кәсіпорындар тоқтап қалуы мүмкін. Алайда, біз бұған жол бермеуіміз қажет. Қазақстандық өндірушілер Кедендік одақ аясында шеберлігін шыңдап, одақ көлеміндегі бәсекелестікті жеңгеннен соң ғана әлемдік рынокқа шығулары тиіс", - деді Н. Назарбаев.

Бұған дейін хабарланғандай, ҚР Президенті 1-2 желтоқсанда жұмыс сапарымен Қарағанды облысына келді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны