12.09.2016, 14:56 3569

Қазақстандық пауэрлифтинг спортшысы Раушан Қойшыбаева Рио-де-Жанейродағы Паралимпиада ойындарында күміс жүлдеге ие болды

Қойшыбаева "күмісті" 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде еншіледі.Пауэрлифтингпен 2010 жылдан бері айналысады. 3 бала тәрбиелеп отырған ана.

Астана. 12 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстандық пауэрлифтерші Раушан Қойшыбаева Рио-де-Жанейродағы Паралимпиада ойындарында күміс жүлдеге ие болды.

Қойшыбаева "күмісті" 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде еншіледі. Оныӊ нәтижесі - 113 келі. Алтын медаль әлемдік рекорд орнатқан қытайлық Тан Юяоға бұйырды (135 келі), қоланы мысырлық Махмуд Амал (108 келі) олжалады.

Бұл Қазақстанныӊ Паралимпиададағы екінші медалі: "алтынды"100 метр қашықтыққа еркін жүзуден Зульфия Габидуллина алған еді. Қазақстан медаль жиынтығы жөнінен 35-інші орында.

Айта кететін жайт, Раушан барлық қатысушылар арасындағы еӊ жасы ересек спортшы. Ол 1966 жылы туған. Раушан 1990 жылы ауыр жарақаттан соӊ екі тізесінен айрылған. Содан бері мүмкіндігі шектеулі жандардыӊ қатарында. Пауэрлифтингпен 2010 жылдан бері айналысады. 3 бала тәрбиелеп отырған ана.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны