12.02.2007, 16:37 2828

Қазақстандық полицейлер бір апта ішінде 30 килограммнан астам есірткі тәркілеген

АСТАНА. 12-ақпан. Kazakhstan Today. Қазақстандық полицейлер бір апта ішінде, 5-12 ақпанда 30 килограмнан астам әртүрлі есірткі заттарын, оның ішінде 8 килограмм героин мен 2 килограмм апиын тәркілеген. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, бір апта ішінде 239 есірткі қылмыстары анықталған, олардың 98-і есірткі сату дерегі бойынша. "Мысалы, 6-ақпанда Алматыда Ішкі істер департаментінің есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері 1,2 кг героин сатпақ болған есірткі сатушыны құрықтаған",- деді баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар, 8-ақпанда Қостанай облысының полицейлері Затобольск ауылының тұрғынын ұстаған, оның үйінен 4,5 героин мен 2 килограмм апиын табылған. Полицейлердің мәліметтеріне сүйенсек, Солтүстік ішкі істер органының есірткі бизнесімен күрес басқармасы мен көші-қон полициясының қызметкерлері осы күні тағы бір әйелді ұстаған. "Тінту барысында оның үйінен 139 грамм героин табылып, тәркіленді",- деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны