04.12.2013, 18:40 2694

Қазақстандық шекарашылар 15 тонна контрабандалық жүктің жолын кесті

Ақтөбе шекара отрядына қарасты "Жайсаң авто" бақылау-өткізу бекетінің наряды жалпы салмағы 15 тонна болатын жүкті құжатсыз өткізуге тырысқан қырғыз елінің азаматын ұстады.

Алматы. 04 желтоқсан. Kazakhstan today. Қазақстан-Ресей шекарасында қазақстандық шекарашылар контрабандалық жүктің жолын кесті, деп хабарлайды Kazakhstan today ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбе шекара отрядына қарасты "Жайсаң авто" бақылау-өткізу бекетінің наряды жалпы салмағы 15 тонна болатын жүкті құжатсыз өткізуге тырысқан қырғыз елінің азаматын ұстады.

Нақтырақ айтқанда, 49 жастағы бұл азамат Қазақстаннан Ресей Федерациясына "Скания" автокөлігімен өтуге талпынды. Жартылай тіркемелі автокөлікке әртүрлі маркадағы ұялы телефондар, қолсағаттар, бейнежазу құрылғысы бар шағын ұшу аппараттары, автомобильге арналған бейнетіркеуші құралдар, жарық беретін құралдар, сондай-ақ халық тұтынатын тауарлар тиелгендігі анықталды.

Аталған дерек бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылды, терегеу амалдары жүргізілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны