08.12.2010, 14:13 3968

Қазақстандық шекарашылар 1,8 кг героин алып өтпек болған Тәжікстан азаматын ұстады

Қазақстандық шекарашылар 7-желтоқсан күні 1,8 кг героин алып өтпек болған Тәжікстан азаматын ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 8 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстандық шекарашылар 7-желтоқсан күні 1,8 кг героин алып өтпек болған Тәжікстан азаматын ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Оңтүстік" өңірлік басқармасының "Мерке ж.д." шекара бақылау бөлімінің шекарашылар наряды Бішкек-Мәскеу бағытындағы поездан Тәжікстан азаматын ұстаған.

"Оның жеке заттарын тінту барысында жол сөмкесінен героин салынған дорба табылған. Мұны соңынан жасалған сараптама да растады. Есірткінің жалпы салмағы 1 кг 815 граммды құрайды",- деп хабарлайды баспасөз қызметінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны