22.12.2006, 16:09 2936

Қазақстандық шекарашылар 2006 жылы 13,5 мыңнан астам мемлекет шекарасын бұзушыларды құрықтаған

АСТАНА. 22-желтоқсан. Kazakhstan Today. ҚР ҰҚК Шекара қызметі 2006 жылы 13,5 мыңнан астам мемлекет шекарасын бұзушыларды құрықтаған. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында ҚР ҰҚК-нің ресми өкілі Кенжеболат Бекназаров құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

К. Бекназаровтың ақпараттарына сүйенсек, ағымдағы жылы қазақстандық шекарашылар 1579 контрабанда деректерінің, атап айтсақ 30 кг бағалы металл мен зергерлік заттарының, 500 тонна ұн, 1,2 млн АҚШ долларын құрайтын әртүрлі валюталардың, сонымен қатар 533 кг есірткі заттарының (187 кг героин, 57 кг гашиш, 193 кг шикі апиын және 84 кг марихуана) жолын кескен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны