03.07.2009, 15:48 2666

Қазақстандық шекарашылар 20 килограмм героин алып өтуге жасалған әрекеттің жолын кесті

Қазақстандық шекарашылар 20 килограмм героин алып өтуге жасалған әрекеттің жолын кесті

Астана. 3 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандық шекарашылар 20 килограмм героин алып өтуге жасалған әрекеттің жолын кесті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Ақтөбе шекара отрядының "Жайсан авто" шекаралық бақылау бөлімінің шекарашылары жасағы Ресей Федерациясына жеке көлігімен бет алған Қазақстан азаматын ұстады.

"Көлікті тексеру барысында шекарашылар құпия қоймадан сұрғылт түсті ұнтақ зат салынған 100 полиэтилен дорба тапты. Сараптама нәтижесі дорбаларда жалпы салмағы 20 килограмм 274 грамм героин екенін көрсетті. Бұл дерек бойынша тексеру жүргізілуде", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны