25.03.2007, 17:29 3415

Қазақстандық шекарашылар 2 млн теңгені елге заңсыз енгізу әрекетінің жолын кесті

АСТАНА. 25-наурыз. Kazakhstan Today. Қазақстандық шекарашылар 2 млн 362 мың теңгені елге заңсыз енгізу әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз орталығынан хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Қордай" шекаралық бекетінің "Ақсу" шекаралық бақылау бекетінде жүктер мен көліктерді тексеру барысында шекарашылар жасағы Қырғызстаннан Қазақстанға бет алған екі қазақстандықты ұстады. "Тексеру кезінде "КамАЗ" автокөлігінің ішінен жасырылған 2362 мың теңге табылды",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны