12.03.2007, 14:49 2933

Қазақстандық шекарашылар 4 кг марихуана алып өтпек болған азаматты құрықтады

АЛМАТЫ. 12-наурыз. Kazakhstan Today. Қазақстандық шекарашылар Қазақстан-Ресей шекарасынан есірткі партиясымен заңсыз өтпек болған азаматты құрықтады, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің баспасөз қызметінен.

Түн жастанып шекарадан заңсыз өтпек болған Қазақстан азаматы Қостанай облысының "Қайрақ" шекара күзеті ауданында құрықталды. Ұсталған азаматты тінту барысында одан төрт килограммдай марихуна табылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны