31.10.2007, 14:53 2977

Қазақстандық шекарашылар 5 тонна бидай мен ірі көлемдегі валютаны заңсыз әкетуге жасалған әрекеттің жолын кесті

Қазақстандық шекарашылар 5 тонна бидай мен ірі көлемдегі валютаны заңсыз әкетуге жасалған әрекеттің жолын кесті

Астана. 31-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандық шекарашылар 5 тонна бидай мен ірі көлемдегі валютаны заңсыз әкетуге жасалған әректетің жолын кесті. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, бүгін түнде "Сыпатай батыр" күзетінің шекарашылар жасағы күзеттен 12 шақырым қашықтықта Қырғызстан азаматын қолға түсірген. Ол ГАЗ-53 көлігіне 5 тонна астық тиіп алып, өткізу пунктінен тыс жерден өтпек болған.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Хоргос" өткізу пунктінде шекарашылар Қытай Халық Республикасының азаматын ұстаған, ол таксимен Қазақстан Республикасынан ҚХР-ға бет алған. Шетелдікті тексеру барысында одан декларацияда көрсетілмеген 8305 АҚШ доллары мен 780 юань табылған. Ұсталған Қытай Халық Республикасының азаматы "Хоргос" кедендік постының контрабандамен күрес бөлімінің қызметкерлеріне жіберілді.

Сонымен қатар, Қартал - Тобол бағытындағы поезді тексеру барысында 4 мың АҚШ долларын заңсыз алып өтпек болған Ресей Федерациясының азаматы құрықталған, деп хабарлады шекара мекемесінің баспасөз қызметінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны