10.04.2007, 15:12 3177

Қазақстандық шекарашылар 8,5 килограмм героинмен қырғызстандық әйелді құрықтады

АЛМАТЫ. 10-сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстандық шекарашылар 8,5 килограмм героинмен қырғызстандық әйелді құрықтады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз орталығынан хабарлады.

Ірі көлемдегі есірткі контрабандасына дүйсенбі күні "Сыпатай батыр" өткізу бекетінің шекарашылары тосқауыл қойды.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, көлік құралдарын тексеру барысында шекарашылар "Мерседес" автобусымен Оштан Красноярск қаласына бет алған әйелге назар аударады. Ийелдің қол жүгін тексерген шекарашылар жеті сөмкенің қос түбі бар екенін анықтады. "Олардан полиэтилен дорбаға салып, жапсырғышпен ораған ақшыл сұрғылт түсті заттар шықты. Сараптама қорытындысы бұл заттың героин екенін көрсетті",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"Тексеру үшін іс ҰҚК-нің Мерке аудандық бөліміне тапсырылды",- деп хабарлайды мекеме.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны