15.02.2007, 17:58 2910

Қазақстандық шекарашылар 8 тонна спирт контрабандасының жолын кесті

АСТАНА. 15-ақпан. Kazakhstan Today. Қазақстандық шекарашылар 8 тонна спирт контрабандасының жолын кесті. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Тараз шекара отрядыың "Қарасу" күзетінің шекарашылар жасағы Қазақстаннан Қырғызстанға бет алған екі қырғызстандық азамат мінген "Урал" көлігін құрықтады. "Жүк көлігін тексеру барысында одан контрабандалық жүк - 8 тонна спирт табылған", - деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің баспасөз қызметінен. Контрабандашылар жүктерімен бірге Қордай ауылының қаржы полициясына берілді.

Сонымен қатар, арнаулы қызметтің баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, "Орда" күзетінің бақылаушылары Қазақстаннан Ресейге 5 тонна қара металлды заңсыз алып өтпек болған "ГАЗ-53" көлігін құрықтаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны