01.02.2017, 15:27 5066

Қазақстандық шекарашылар Алматыға келген Универсиада қонақтарын "Almaty apple" ұсына қарсы алуда

Универсиадаға келген әрбір қонаққа шекарашыларымыз ескеткіш ретінде Алматы қаласыныӊ символы саналатын қып-қызыл апорт алмасын "Almaty apple" деп сыйлауды да іске асырып үлгереді. Қонақтардыӊ әсем қаламызбен алғашқы таныстығы міне, осылай басталуда.

Астана. 1 ақпан. Kazakhstan Today - Биылғы жылдыӊ басты оқиғаларыныӊ бірі ретінде Алматы қаласында өтіп жатқан ХХVIII қысқы Универсиада ойындарын айтуға болады. Бұған дейін қазақстандық шекарашылар осы ойындарға келген қонақтарды салтанатты жағдайда күтіп алған болса, енді олардыӊ бірқатарын салтанатты жағдайда шығарып салуға да кірісті,- деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Аталған ойынға 55 елден 2000 мыӊ спортшы қатысуда, оларға көмек ретінде шетелден және біздіӊ елімізден барлығы 3000 ерікті тартылып отыр. Спорт ойындарын тамашалауға Алматы қаласына 30 мыӊдай туристер мен қонақтар келді. Осыншама қонақты бүгінгі таӊда қазақстандықтар атынан бірініші болып Алматы қаласыныӊ халықаралық әуежайында орналасқан қазақстандық шекарашылар бекеті қарсы алып, шығарып салуда.

"Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығын атап өткен Қазақстан елі одан кейін де маӊызды оқиғаларды ойдағыдай атқаруға кірісіп кетті. Солардыӊ қатарында еліміздіӊ беделін көтеріп, рухын асқақтататын ХХVIII қысқы Универсиада ойындарын, одан кейін алда келе жатқан "EXPO-2017" халықаралық көрмесін ерекше атап өту керек. Ал бүгінгі Универсиаданыӊ ойдағыдай өтуіне біз бар-күш-жігерімізді салудамыз. Өйткені, елдіӊ намысы біздіӊ де намысыз екендігі сөзсіз", - дейді әуежайда орналасқан Шекара қызметініӊ 2010 әскери бөлімініӊ командирі подполковник Айбол Жақсылықов.

Қонақтардыӊ іркіліссіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында шекаралық бақылау жүргізетін мамандардыӊ саны көбейтілді. Төлқұжаттық бақылау мен жолаушыларды тіркеуді ауысым қызметкерлері 20 минут ішінде атқаруға тырысуда. Осы орайда, бір ғана әуе кемесінде 250-ден 400-ге дейін жолаушы болатындығын айта кетсек, онда жұмыс ауқымыныӊ қаншалықты қомақты екендігі көрінеді. Бұған қосымша, Универсиадаға келген әрбір қонаққа шекарашыларымыз ескеткіш ретінде Алматы қаласыныӊ символы саналатын қып-қызыл апорт алмасын "Almaty apple" деп сыйлауды да іске асырып үлгереді. Қонақтардыӊ әсем қаламызбен алғашқы таныстығы міне, осылай басталуда.

Бүгінгі күнгі есеп бойынша Шекара қызметініӊ "Алматы" бақылау-өткізу бекеті 66 елден келген 2100 қонақты төлқұжаттық бақылаудан өткізгендігін айта кеткен орынды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны