03.03.2008, 15:05 3251

Қазақстандық шекарашылар бір аптада 176 заң бұзушыны ұстап, 33 контрабандалық әрекетке тосқауыл қойды

Қазақстандық шекарашылар бір аптада 176 заң бұзушыны ұстап, 33 контрабандалық әрекетке тосқауыл қойды

Астана. 3 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандық шекарашылар бір аптада 176 заң бұзушыны ұстап, 33 контрабандалық әрекетке тосқауыл қойды, деп хабарлайды агенттік ҚР Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтсақ, 1 наурызда "Темір-баба" шекаралық бақылау бөлімінің шекарашылары (Қазақстан -Түрікменстан шекарасы) кеден қызметкерлерімен бірлесіп, Түрікменстаннан Қазақстанға автокөлікпен бет алған Түрікменстан азаматын ұстады. Тексеру кезінде көліктің артқы орындығынан сары металдан жасалған бұйым, 96 сырға жұптары мен 20 дана жүзік табылған.

Сондай-ақ, 2 наурызда "Убаган-авто" шекаралық бақылау бөлімінің шекарашылары (Қазақстан - Ресей шекарасы) автокөлікпен Ресейгне бет алған Қазақстан азаматын ұстады. Тексеру кезінде одан "Великая Отечественная война -ші дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордені" мен "Қызыл жұлдыз" ордені, "Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерен еңбегі үшін" медалі мен и "Ұлы Отан соғысы жеңісінің 50 жылдығы" медалі тиісті құжаттарсыз табылды. Ұсталған "Убаган" кеден бекетінің қызметкерлеріне табысталды.

Сол күні "Атакент" заставасының шекарашылары (Қазақстан -Өзбекстан шекарасы) Қазақстанның бес, Өзбекстанның бір азаматын ұстады, олар үш автокөлікпен өткелек жоқ жерден шекарадан өткен. Көліктерден жеті тонна қызанақ, он тоннадан астам жасыл шөп пен бір тоннадан астам тәтті өнімдері, сусындар мен жуғыш заттар табылған. Қазір тергеу жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны