10.07.2007, 14:57 2631

Қазақстандық шекарашылар екі ҚХР азаматы мен бір ресейлік әйелді ірі көлемде валюта контрабандасына талпыныс жасаған сәтте қолға түсірді

АСТАНА. 10-шілде. Kazakhstan Today. Қазақстандық шекарашылар екі ҚХР азаматы мен бір ресейлік әйелді ірі көлемде валюта контрабандасына талпыныс жасаған сәтте қолға түсірді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз орталығынан хабарлады.

"9-шілде күні 22 сағатта ҰҚКД мен қаржы полициясы қызметкерлерінің "Құрманғазы" шекаралық бақылау бөлімінде бірлесе жүзеге асырған оперативтік шарасы барысында Қазақстаннан Ресейге жеңіл көлікпен бет алған РФ азаматы ұсталды. "Шекарашылар тексеру кезінде ұсталған әйелдің белінен 106 мың АҚШ доллары жасырылған дорбаны тапты", - деп хабарлайды баспасөз қызметі. Бұл іс рәсімделгеннен кейін қаржы полициясына табысталды.

Сонымен бірге , "Қорғас жолаушылар" шекаралық өткізу бекетінде Қазақстаннан Қытайға бет алған ҚХР азаматы ұсталды. "Шекарашылар оның жеке заттарының ішінен тексеруден жасырылған 596 мың теңге, 6 мың АҚШ доллары мен 1300 юань тапты", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Шекарашылардың хабарлауынша, сонымен бірге шекарадан өту сәтінде тағы бір ҚХР азаматы ұсталды, ол Қазақстанға $25 500 көлемінде декларацияда көрсетілмеген валютаны енгізбек болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны