16.05.2007, 15:56 3195

Қазақстандық шекарашылар елімізден ірі көлемде ақша алып шығуға жасалған екі әрекеттің жолын кесті

АСТАНА. 16-мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстандық шекарашылар елімізден ірі көлемде ақша алып шығуға жасалған екі әрекеттің жолын кесті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз орталығынан хабарлады.

"Жетісай" шекаралық бақылау бөлімінің "Атамекен" өткізу пунктінде көлік құралдарын тексеру барысында Қазақстаннан Өзбекстанға бет алған Өзбекстан азаматы ұсталды. "Шекарашылар одан тексеруден жасырылған 4 млн 782 мың өзбек сомы мен 70 мың теңгені тәркіледі",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сонымен бірге "Өрлітөбе авто" шекаралық бақылау бөлімінде Семейден Омбыға бет алған бағытты автобусты тексерген кезде 200 мың Ресей рублі көлеміндегі ақшаны контрабандалық жолмен алып өтпек болған Қазақстан азаматы ұсталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны