11.07.2006, 10:59 3143

Қазақстандық шекарашылар елімізге 12 тонна көкөністі заңсыз алып өтуге әрекет жасаған Өзбекстанның алты азаматын ұстады

АЛМАТЫ. 11-шілде. Kazakhstan Today. Қазақстандық шекарашылар елімізге 12 тонна көкөністі заңсыз алып өтуге әрекет жасаған Өзбекстанның алты азаматын ұстады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз орталығынан хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, шекара бұзушылар “Қызыл таң” шекара заставасына қарасты жерде “Арлан” десанттық-шабуыл тобының рейді барысында ұсталды. Өзбекстан азаматтары алты “Газель” автокөлігімен Қазақстанға бет алған. Тексеру барысында автокөліктерден 300 мың теңгеге бағаланған жалпы салмағы 12 тонна көкөніс табылды.

Ұсталғандардың үстінен қозғалған іс кеден мекемелерінің қызметкерлеріне жолданды.

Жалпы өткен аптада шекарашылар контрабандаға қатысты 31 деректің жолын кесті. Мемлекеттік шекараны бұзған 310 адам ұсталды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны