06.07.2007, 14:26 2928

Қазақстандық шекарашылар елімізге контрабандалық жолмен 6 тонна көкөніс пен 11 мыңдай ондатр терісін енгізуге жасалған әрекеттің жолын кесті

АСТАНА. 6-шілде. Kazakhstan Today. Қазақстандық шекарашылар елімізге контрабандалық жолмен 6 тонна көкөніс пен 11 мыңдай ондатр терісін енгізуге жасалған әрекеттің жолын кесті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Мерке темір жолы" шекаралық бақылау бөлімінде шекарашылар жасағы контрабандалық тауарларды алып өткені үшін Қазақстан азаматын ұстаған. "Ийел Қытайдан Қазақстанға халықаралық бағытты автобуспен келе жатқан", - деп хабарлайды баспасөз қызметі. "Көлік пен жүктерді тексеру барысында оның заттарының арасынан шекарашылар 10 924 дана ондатр терісін тапты".

Сонымен бірге, "Атакент" шекара заставасы маңында қазақ-өзбек шекарасын "ГАЗ-53" жүк көлігімен бұзып республика аумағына заңсыз кірген екі қазақстандық ұсталды. "Ұсталған көліктің ішінен шекарашылар салмағы 2 тоннадан асатын контрабандалық көкөніс тапты", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Шекарашылардың хабарлауынша, өткен тәуліктерде көршілес шекаралық заставалар аумағында осындай жағдайда тағы да үш қазақстандық пен екі өзбекстандық ұсталған. Олар автокөлікпен 4 тоннадан астам контрабандалық көкөніс әкеле жатқан. "Ұсталған шекара бұзушыларда қажетті құжаттары болмаған", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны