07.05.2007, 14:35 2808

Қазақстандық шекарашылар есірткі партиясы мен валюта контрабандасының жолын кесті

АСТАНА. 7-мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстандық шекарашылар 3 килограмм есірткі партиясы мен 100 мың ресей рублі көлеміндегі валюта контрабандасының жолын кесті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз орталығынан хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Жамбыл облысында "Айша бибі" шекаралық бақылау бөлімінде көлік құралдары мен жүктерді тексеру барысында Ош-Новосибирск бағытында жол тартқан "Мерседес Бенц" шағын автобусының жолаушысы ұсталды. Қырғызстан азаматының жүктерін тексерген кезде оның сөмкесінің қосалқы түбінен ірі көлемде есірткі партиясы табылды. "Жалпы салмағы 3 килограмм героин тәркіленді",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сонымен бірге Павлодар облысында "Өрлі төбе" бақылау бекетінде көлік құралдарын тексеру барысында Павлодардан Омбыға бет алған бағытты автобуспен келе жатқан Қазақстан азаматы ұсталды. "Оны ұстауға себеп - 100 мың ресей рублі көлеміндегі валютаны декларацияда көрсетпеу болып табылды",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны