28.01.2010, 18:16 2950

Қазақстандық шекарашылар героин тасымалдағаны үшін Тәжікстан азаматын құрықтады

Қазақстандық шекарашылар героин тасымалдағаны үшін Тәжікстан азаматын құрықтады

Астана. 28 қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақ-өзбек шекарасында Қонысбаев атындағы шекаралық бақылау отрядының шекарашылары 27 қаңтарда героин тасымалдағаны үшін Тәжікстан азаматын құрықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ұсталған Өзбекстанан Қазақстанға бет алған. "Тексеру кезінде оның қол жүгінен салмағы бір килограмм болатын героин тәркіленді, оны ол полиэтилен дорбаға және пластик бөтелкеге жасырған", - делінген хабарламада.

"Осы контрабанда дерегі бойынша Ресей Федерациясының азаматы да ұсталды, тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны