24.05.2007, 12:08 1616

Қазақстандық шекарашылар героиннің ірі партиясымен Ресейге кетпек болған екі Тәжікстан азаматын қамауға алды

АСТАНА. 24 мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстандық шекарашылар героиннің ірі партиясымен Ресейге кетпек болған екі Тәжікстан азаматын қамауға алды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, шұғыл мәлімет бойынша, "Жайсаң теміржол" шекаралық бақылау бөлімінде көлік құралдарын тексеру кезінде Тәжікстанның екі азаматы тұтқындалды. "Қамауға алынғандар Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстаннан Ресейге Ташкент - Уфа бағытындағы №381 поезда кетіп бара жатқан", - деп түсіндірді шекарашылар.

Олардың айтуы бойынша, тұтқындалғандардың біріне тиесілі сөмкедегі заттарды тексеру кезінде скотчмен оралған есірткісі бар дорбалар табылған. "Сол жерде жүргізілген сараптама көрсеткендей, бұл - салмағы 1,5 кг тартатын героин болып шыққан", - деп атап өтті баспасөз қызметі. Сондай-ақ, шекарашылар екінші тұтқындалғаннан етігінде жасырылған салмағы 5 грамнан астам героинді тапқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны