05.04.2007, 13:39 3088

Қазақстандық шекарашылар ірі көлемдегі валютаны елден заңсыз алып шығуға бағытталған әрекетке тосқауыл қойды

АСТАНА. 5-сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстандық шекарашылар ірі көлемдегі валютаны елден заңсыз алып шығуға бағытталған әрекетке тосқауыл қойды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз орталығынан хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Ақтау әуежайында, "Ақтау-авиа" өткізу бекетінде шекарашылар Ақтау-Баку бағытындағы рейспен ұшуға келген Қазақстан азаматын ұстады. "Тексеру кезінде оның заттарының арасынан декларацияда көрсетілмеген 26 970 АҚШ доллары мен 8270 Ресей рублі шықты",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Шекарашылар істі "Ақтау-авиа" кеден бекетінің қызметкерлеріне берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны