14.07.2009, 18:35 2714

Қазақстандық шекарашылар Каспий теңізінде бір тоннадан астам бекіре тұқымдас балық аулап алған әзербайжандық 15 браконьерді ұстады - ҰҚК

Қазақстандық шекарашылар Каспий теңізінде бір тоннадан астам бекіре тұқымдас балық аулап алған әзербайжандық 15 браконьерді ұстады - ҰҚК

Астана. 14 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандық шекарашылар Каспий теңізінде бір тоннадан астам бекіре тұқымдас балық аулап алған әзербайжандық 15 браконьерді ұстады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Каспий теңізінде, Қазақстанның аумақтық суларында жауынгерлік кезекшіліктегі шекаралық катерлер өткен демалыс күндері Изербайжанның 15 азаматы бар екі кемені ұстады, олар бекіре тұқымдас балықты заңсыз аулаумен шұғылданып жүрген", - деп хабарлайды ҚР ҰҚК.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кемелерден бір тоннадан астам бекіре тұқымдас балық, 680 килограмм шабақ, қолдануға тыйым салынған 9 шақырым балық аулау құралы алынды. "Екі кеме де Атырау қалалық өзен айлағына жеткізілді. Атырау облыстық ҰҚКД қызметкерлері оқиғаның жай-жапсарын тексеріп жатыр", -делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны