14.03.2007, 12:42 2590

Қазақстандық шекарашылар Каспийде Өзбекстан мен Изербайжаннан келген браконьерлерді ұстады

АСТАНА. 14-наурыз. Kazakhstan Today. Қазақстандық шекарашылар Каспийде Өзбекстан мен Изербайжаннан келген браконьерлерді ұстады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз орталығынан хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Маңғыстау облысында "Қаражанбас" шекара заставасы аумағында шекарашылар жасағы бір Өзбекстан, екі Изербайжан азаматын ұстады. "Ұсталғандар УАЗ автокөлігімен мемлекеттеік шекарадан өткелекті айналып өткен",- деп хабарлайды баспасөз қызметі. Шекарашылардың мәліметінше, ұсталғандар Қазақстан аумағына Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты бөлігінде заңсыз аң және балық аулау үшін келген.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тексере келген кезде шекара бұзушылардың автокөлігінің кузовынан шекарашылар 16-шы калибрлі мылтық, оның 174 оғы, "Ямаха-200" атты 4 мотор, "Прогресс" қайығы, балық аулайтын аулар, 3 аңшы пышағын тапты. "Ұсталғандар ешбір құжат көрсете алмады. Қазір тексеру жұмыстары жүргізілуде", деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны