08.07.2009, 14:00 2445

Қазақстандық шекарашылар Каспийдің жағалауында Изербайжан азаматтарын ұстады

Қазақстандық шекарашылар Каспийдің жағалауында Изербайжан азаматтарын ұстады

Астана. 8 шілде. "Қазақстан Бүгін" - ҚР ҰҚК Шекара қызметінің жағалау күзеті өңірлік басқармасының шекарашылары 7 шілдеде Каспий теңізінің жағалауында Тоқпақ мүйісінің маңында Изербайжанның төрт азаматын ұстады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ұсталғандарда "байда" үлгісіндегі шағын жүзу құралы болған, онда 4 дана "Ямаха" қозғалтқышы, спутниктік байланыс аспаптары, қолдануға тыйым салынған, "калада" үлгісіндегі бекіре тұқымдас балық аулау құралдары болған.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қазір Изербайжан азаматтарының аты-жөндері мен Қазақстанға келу мақсаттары анықталуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны