05.07.2007, 13:15 2791

Қазақстандық шекарашылар Қырғызстанның екі азаматынан 1,5 кг жуық героин тәркіледі

АСТАНА. 5-шілде. Kazakhstan Today. Қазақстандық шекарашылар Қырғызстанның екі азаматынан 1,5 кг жуық героин тәркіледі. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз орталығынан хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпартына сәйкес, "Қарасу" шекаралық бақылау бөлімінде қазақ-қырғыз шекарасы арқылы контрабандалық жолмен валюта енгізбек болған Қырғызстан азаматын ұстады. "Көлік пен жолаушының жеке заттарын тексеру барысында шекарашылар жасағы ұсталғаннан денесіне скотчпен жапсырылған 1 килограмнан астам героин салынған дорбаны тапты", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сонымен бірге "Мерке темір жол" бекетінде Бішкек пен - Екатеринбург арасында қатынайтын №305 поезбен келе жатқан қырғызстандық әйел ұсталды. "Оның заттарының арасынан шекарашылар 470 грамм героин салынған дорба тапты", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны