08.08.2008, 18:40 2797

Қазақстандық шекарашылар контрабандалық жүк - 41 тасбақаны ұстады

Қазақстандық шекарашылар контрабандалық жүк - 41 тасбақаны ұстады

Алматы. 8 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - "Ауыл ж.д." шекаралық бақылау бөлімінің шекарашылары контрабандалық жүк - 41 тасбақаны ұстады, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Өзбекстан азаматы тасбақаларды картон жәшікке салып, Алматы - Новосибирск бағытындағы пойызбен әкеле жатқан, бірақ, бауырымен жорғалаушыларды алып өтуге рұқсат құжаттары болмаған.

Азамат ұсталып, тексеру жүргізіліп жатыр, ал тасбақалар Ауыл станциясындағы СЭС қызметкерлеріне берілді.

Сондай-ақ, "Сыпатай батыр" заставасының шекарашылар жасағы 4 тонна бидай контрабандасының жолын кесті.

Заңсыз жүк Қазақстан азаматының жүк көлігінен табылған, ол Қырғызстанмен арадағы мемлекеттік шекарадан өткел жоқ жерден заңсыз өтпек болған.

"Кейінгі үш айда Қазақстан шекарашылары жалпы салмағы 121 тонна 100 килограмм астық контрабандасына тосқауыл қойды", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны