08.11.2016, 10:07 3404

Қазақстандық шекарашылар мемлекеттік шекараныӊ әр өӊірдегі бөліктерінен әкімшілік заӊнаманы бұзған 97 азаматты ұстады

Өткен тәулік ішінде қазақстандық шекарашылар кеӊ-байтақ еліміздіӊ мемлекеттік шекарасыныӊ әр өӊіріндегі бөліктерінен әкімшілік сипаттағы заӊнаманы бұзған 97 азаматты ұстады, -деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызмет.

Астана. 8 қараша. Kazakhstan Today - Өткен тәулік ішінде қазақстандық шекарашылар кеӊ-байтақ еліміздіӊ мемлекеттік шекарасыныӊ әр өӊіріндегі бөліктерінен әкімшілік сипаттағы заӊнаманы бұзған 97 азаматты ұстады, -деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Оныӊ ішінде үш азамат - Қазақстан, Өзбекстан және Қытай азаматтары шекаралық режимді бұзғандары үшін ұсталды. Тағы үш азаматтыӊ еліміздіӊ аумақтық және ішкі суларындағы (теӊіз) режимді бұзғандықтары анықталды. Саны жағынан осы шамалас отандастарымыздыӊ бақылау-өткізу бекеттерінде бөгелуге тура келді. Бір азамат мемлекеттік шекараны бұзғаны үшін қолға түсті.

Еліміздіӊ көші-қон заӊын бұзған шетелдік азаматтар да шекарашылар назарынан тыс қалмады. Жалпы саны 87 шетелдік азаматтыӊ 14-і Ресей, 47-і Өзбекстан, 9-ы Қырғызстан, 8-і Тәжікстан, 3-і Түркия, 2-і Изірбайжан, 1 адамнан Үндістан, Қытай, Беларусь және Ұлыбритания мемлекеттерініӊ азаматтары болып шықты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны