12.02.2007, 16:08 2867

Қазақстандық шекарашылар Өзбекстан азаматын 1 килограмм героинмен ұстады

АСТАНА. 12-ақпан. Kazakhstan Today. Қазақстандық шекарашылар Өзбекстан азаматын 1 килограмм героинмен ұстады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз орталығынан хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Атамекен" өткізу бекетінде, Оңтүстік Қазақстан облысындағы "Сарыағаш" дербес бақылау-өткізу бөлімінде шекарашылар көлік құралдарын тексеру барысында "ВАЗ-2106" автокөлігімен шекарадан өтпек болған Өзбекстан азаматын ұстады. "Иісшіл иттің көмегімен жүргізушінің орындығының астынан жалпы салмағы 1 килограмм болатын героин салынған дорба табылып тәркіленді", деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны