08.08.2006, 16:43 2772

Қазақстандық шекарашылар Өзбекстан азаматынан 6 килограмм жарғыш дәрі мен 2 мың капсюль тәркіледі

АЛМАТЫ. 8-тамыз. Kazakhstan Today. Қазақстандық шекарашылар Өзбекстан азаматынан 6 килограмм жарғыш дәрі мен 2 мың капсюль тәркіледі. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, "Сарыағаш" өткізу бекетінің шекарашылары өз еліне жаяу бет алған Өзбекстан азаматын ұстаған. Оның заттарына жүргізілген тінту кезінде 6 килограмм жарғыш аңшылық дәрі мен 2 мың капсюль табылды. Осыған қатысты іс Мақтаарал ауданының қызметкерлеріне тапсырылды.

Жалпы алғанда өткен аптада шекарашылар контрабандаға қатысты 47 деректің бетін ашып, мемлекеттік шекараны бұзған 347 адамды ұстады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны