20.03.2007, 12:24 2637

Қазақстандық шекарашылар Өзбекстан азаматтарынан ірі көлемде контрабандалық ақша мен есірткі тәркіледі

АСТАНА. 20-наурыз. Kazakhstan Today. Қазақстандық шекарашылар Өзбекстан азаматтарынан контрабандалық 17 мың АҚШ доллары көлеміндегі ақша мен есірткі тәркіледі. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз орталығынан хабарлады.

Баспасөз ықзметінің ақпаратына сәйкес, қазақ-өзбек шекарасындағы "Жібек жолы-авто" шекаралық бақылау бөлімшесінде шекарашылар жасағы Өзбекстаннан Қазақстанға бет алған екі Өзбекстан азаматын ұстады. "Олардың бірінен тексеру барысында 5 грамм героин салынған дорба табылса, екіншісі өз денесіне 17 мың АҚШ доллары көлеміндегі ақшаны жапсырып алған екен",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ұсталғандар құжаттарын рәсімдеуден кейін Сарыағаш қалалық қаржы полициясына табысталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны