19.07.2007, 17:24 2820

Қазақстандық шекарашылар Өзбекстан мен Қырғызстаннан 41 тоннадай жемістер мен көкөністерді контрабандалық жолмен әкелуге жасалған әрекеттің жолын кесті

АСТАНА. 19 шілде. Kazakhstan Today. Қазақстандық шекарашылар Өзбекстан мен Қырғызстаннан 41 тоннадай жемістер мен көкөністерді контрабандалық жолмен әкелуге жасалған әрекеттің жолын кесті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінің ақпарат бөлімінен хабарлады.

""Дархан" шекаралық заставасы аумағында "КамАЗ" автокөлігімен шекара өткелін айналып өтіп Өзбекстаннан бет алған үш Қазақстан азаматы ұсталды ", - дейді бөлімдегілер. Шекарашылар жүк көліктерінің кузовынан 26 тонна көкөніс тапты, ұсталғандарда жүктің құжаттары болмаған.

Сонымен бірге, қазақ-қырғыс шекарасында, "Аухатты" шекаралық бақылау бөлімінде жасақ Қырғызстаннан Қазақстанға "Вольво" жүк көлігіне 15 тонна контрабандалық өрік тиеп алған Қазақстан азаматын ұстады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны