29.05.2007, 10:32 1427

Қазақстандық шекарашылар Өзбекстаннан келе жатқан жеміс-жидек пен көкөніс тиелген 40-тан астам автокөліктен тұратын контрабандалық колоннаны тұтқындады

АСТАНА. 29 - мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстандық шекарашылар Өзбекстаннан келе жатқан жеміс-жидек пен көкөніс тиелген 40-тан астам автокөліктен тұратын контрабандалық колоннаны тұтқындады. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін таңғы сағат 6 шамасында Сарыағаш бөлімшесінің "Дархан" және "Қызылтаң" заставаларының жауапты учаскелерінің қиылысар тұсында 40 ауыр және жеңіл автокөліктерден тұратын колонна Өзбекстан Республикасы аумағынан өткізу бекетін айналып өтіп, Қазақстан аумағына келіп кірген. Бір ПАЗ, екі УАЗ, үш ЗИЛ, үш МАЗ, алты "ГАЗель", сегіз "ГАЗ-53" және 23 "КамАЗ-дан" тұратын автокөліктердің барлығына Өзбекстан азаматтарына тиесілі жеміс-жидек пен өсімдіктерден тұратын контрабандалық жүк тиелген.

Шекарашылардың мәліметтері бойынша, Қазақстан аумағында оларды үш "Мерседес" маркалы автобус, төрт "КамАЗ" және жүк тиеуге арналған он "ГАЗель" машиналарынан тұратын 17 автокөлікте сыбайластары күтіп тұрған. Контрабандашылар жүкті қайта тиеу кезінде шекара отрядының мотоманевр тобының десанттық шабуыл күштерінің жедел қимылы нәтижесінде қолға түсті. "Ұсталған автокөліктердің жалпы саны 57-ге жетті. Фильтрациялық жұмыстар жүргізілуде", - деп атап өтті баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны