17.05.2007, 13:31 1432

Қазақстандық шекарашылар Өзбекстаннан контрабандалық жүк алып келе жатқан 73 жеңіл көлікті ұстады

АСТАНА. 17 - мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстандық шекарашылар Өзбекстаннан контрабандалық жүк алып келе жатқан 73 жеңіл көлікті ұстады. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Сарыағаш шекара отряды "Ынтымақ" күзет бөліміндегі жедел шаралар барысында Өзбекстаннан Қазақстанға бет алған көлік құралдарының тізбегін анықтаған.

Шекарашылардың түсіндіруінше, заң бұзушылар тоқта деген талапты орындамай, шекарашылар жасағын қағып өткен. Шекара бұзушыларды тоқтату үшін жедел топ АК-74 автоматынан ауаға 29 оқ атқан. "Байланыс құралдарымен шекара күзеттеріне хабар беріліп, шекарашылар тобының резерв күшімен заң бұзылған аймақ қоршауға алынған",- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.

Шекарашылардың айтуынша, бес іздеу тобы шекара маңында орналасқан Достық ауылының тұрғындарының аулаларынан 73 жеңіл көлік тауып, құрықтаған. Олардың ішінде 68 ГАЗ-2410, төрт УАЗ және бір "Нива" көлігі бар. "Көліктерге Өзбекстанның мемлекеттік нөмірі тағылған және халық тұтынатын контрабандалық тауарлар тиелген. Көлік жүргізушілері Өзбекстан аумағында бой тасалап үлгерген",- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Аталмыш дерек бойынша шекара қызметі ҚР ҰҚК, ҚР ІІМ, Сарыағаш ауданының прокуратурасына хабар берді. "Арнаулы бөлім контрабанданы ұйымдастырушыларды, қатысушыларды және оған көмек көрсетушілерді іздеуге қатысты жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр",- дейді бспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны