22.02.2007, 16:29 3011

Қазақстандық шекарашылар Ресей азаматынан есірткі дайындауда пайдаланылатын қышқылды тәркіледі

АСТАНА. 22-ақпан. Kazakhstan Today. Қазақстандық шекарашылар Ресей азаматынан есірткі дайындауда пайдаланылатын қышқылды тәркіледі. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз орталығынан хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "КамАЗ" автокөлігімен Оралдан Бүгілмеге бет алған Ресей азаматы "Шаған-автокөлік" өткізу бекетінде ұсталды. "Жүк көлігінің кузовынан есірткілік заттарды дайындауда пайдалануға болатын тұз қышқылының өзгеше түрі табылған",- деп хабарлайды шекарашылар.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне жүгінсек, тиісті құжатсыз тасымалданған химиялық заттың жалпы көлемі 7,5 литр болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны