02.04.2007, 18:04 2857

Қазақстандық шекарашылар Ресей азаматтарынан ірі көлемде декларацияда көрсетілмеген валюта мен пневматикалық тапанша тәркіледі

АСТАНА. 2-сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстандық шекарашылар Ресей азаматтарынан ірі көлемде декларацияда көрсетілмеген валюта мен пневматикалық тапанша тәркіледі. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз орталығынан хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Мерке темір жол" өткізу бекетінде Бішкек-Мәскеу бағытындағы поезды тексеру барысында шекарашылар 20 мың АҚШ доллары көлемінде декларацияда көрсетілмеген валютасы бар ресейлік әйелді ұстады. Бұл дерек бойынша тексеру жүргізілуде.

Сонымен бірге Қостанай облысында Қарталы-Тобол бағытында қатынайтын №6528 электр поезды тексеру барысында Ркскей азаматы ұсталды. "Тексеру кезінде оның күртешесінің ішінен шекарашылар МР654К маркалы пневматикалық тапанша тауып тәркіледі",- деп хабарлайды баспасөз қызметі. Іс "Тобол" кеден бекетінің қызметкерлеріне табысталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны