18.09.2007, 15:33 2920

Қазақстандық шекарашылар Ресей мен Өзбекстанға ірі көлемде валюта шығаруға бағытталған контрабандалық әрекеттің жолын кесті

Қазақстандық шекарашылар Ресей мен Өзбекстанға ірі көлемде валюта шығаруға бағытталған контрабандалық әрекеттің жолын кесті.

Астана. 18 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандық шекарашылар Ресей мен Өзбекстанға ірі көлемде валюта шығаруға бағытталған контрабандалық әрекеттің жолын кесті. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында "Жібек жолы" шекаралық бақылау бөлімшесінде Өзбекстанға жаяу бет алған Қазақстанның азаматы ұсталды",- деп хабарлады баспасөз қызметінен. Оны тексеру барысында одан 7750,10 мың теңге және 300 мың өзбек сомы көлеміндегі контарабандалық ақша табылған.

Сонымен қатар, қазақстан-ресей шекарасында "Қайрақ авто" блімшесінде Ресейге "Мерседес" көлігімен бет алған Қазақстан азаматы құрықталған. "Тексеру барысында шекарашылар көліктің ішінен 10 мың АҚШ доллары көлеміндегі декларацияда көрсетілмеген соманы тапқан",- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ "Қайрақ теміржолы" пуктінің шекарашылары Астана - Санкт-Петербург бағытындағы поезді тексеру барысында Қазақстанның тағы бір азаматын ұстаған. "Одан тексеруден тығылған 9 мың ресей рублі мен 10 мың АҚШ доллары табылған",- деп қосты баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны