23.01.2007, 14:40 3115

Қазақстандық шекарашылар республикамызға 500 тоты құсты заңсыз енгізбек болған заң бұзушыны құрықтады

АЛМАТЫ. 23-қаңтар. Kazakhstan Today. Қазақстандық шекарашылар республикамызға 500 тоты құсты заңсыз әкелмек болған заң бұзушыны құрықтады, деп хабарлады Kazakhstan Today тілшісіне Қазақстан Республикасының ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметінен.

Мекеме ақпараттарына сүйенсек, Қазақстан азаматы "Ауди" көлігімен республика аумағына Өзбекстаннан шекаралық бекетті айналып өткен. "Шекарашылар оның көлігінен 500 тірі тоты құс тапты",- деп хабарлады баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны