01.07.2008, 18:17 3015

Қазақстандық шекарашылар валюта шығаруға бағытталған тағы бір талпынысқа тосқауыл қойды

Қазақстандық шекарашылар валюта шығаруға бағытталған тағы бір талпынысқа тосқауыл қойды

Астана. 1 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандық шекарашылар 30 маусымда 20 мың АҚШ доллары мен 120 мың ресей рублін шығаруға бағытталған тағы бір талпынысқа тосқауыл қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Қызылжар авто" шекаралық бақылау бөлімінің шекарашылар жасағы кеден қызметкерлерімен бірлесіп, Ресейдің бір, Қазақстанның бір азаматын құрықтаған.

"Олар автокөлікпен декларацияда көрсетілмеген 20 мың АҚШ доллары мен 120 мың ресей рублін алып Ресейге бет алған. Қазір осы дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны