21.12.2016, 14:01 3537

Қазақстандық шекарашылар жарты тоннаға жуық дәрі-дәрмектерді заӊсыз алып өтпек болғандардыӊ жолын кесті

"Қорғас" бақылау-өткізу бекетініӊ шекара наряды салмағы 490 килограмм болатын, Қытай елінде шығарылған дәрі-дәрмектерді ілестірме құжаттарынсыз алып өтуге тырысқан жерінен 26 жастағы қазақстандық азаматты ұстады.

Астана. 22 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан - Қытай шекарасында қазақстандық шекарашылар жарты тоннаға жуық дәрі-дәрмектерді заӊсыз алып өтпек болғандардыӊ жолын кесті,- деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, "Қорғас" бақылау-өткізу бекетініӊ шекара наряды салмағы 490 килограмм болатын, Қытай елінде шығарылған дәрі-дәрмектерді ілестірме құжаттарынсыз алып өтуге тырысқан жерінен 26 жастағы қазақстандық азаматты ұстады.

Ұсталған азамат Шекаралық ынтымақтастықтыӊ халықаралық сауда орталығынан Қазақстан жаққа қарай келе жатыр екен.

Аталған дерек бойынша "Алтынкөл" кеден бекетініӊ қызметкерлері хабарландырылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны