22.08.2016, 14:32 4195

Қазақстандық тарихшылар Жетісу жеріндегі 5 зерттелмеген нысанды тапты

Барлау барысында жаӊа бес зерттелмеген нысандар табылды. Ондағы жартас суреттерініӊ ескерткіштері қола дәуірінен бастап кейінгі орта ғасырға дейінгі кезеӊді қамтиды.

Астана.22 тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстандық тарихшылар Жетісу жеріндегі 5 зерттелмеген нысанды тапты, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігі.

2016 жылы "Көшпелі қазақтардыӊ мәдениеті мен өнеріндегі дәстүрлі жан-жануарлардыӊ бейнесі мен сарыны (ежелгі дәуір, орта ғасыр және кейінгі кезеӊ)" атты жоба аясында Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты "Есік" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайымен бірлесіп, Жетісу жеріндегі петроглиф ескерткіштеріне ғылыми-барлау жұмыстарын жүргізген болатын.

Археологиялық барлау жұмыстары алдын ала әзірленген маршрут бойынша жүргізілді. Маршруттыӊ негізгі бөлігі - есік - Қыземшек - Асысаға - Құрайлы - Шошанай - Қаракүнгей - Таӊбалы - Құлжабасы - Есік.

Барлық зерттелген нысандар GPS- гарминге түсіріліп, сипатталды. Барлау барысында жаӊа бес зерттелмеген нысандар табылды. Ондағы жартас суреттерініӊ ескерткіштері қола дәуірінен бастап кейінгі орта ғасырға дейінгі кезеӊді қамтиды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны