30.07.2015, 12:42 3386

Қазақстандық теӊіз жаяу әскерлері "Каспий теӊізі-2015" байқауыныӊ шымылдығын ашады

Байқау шеӊберінде оларға берілген бағдарды барынша жылдам өтіп, сондай-ақ теӊіз бен жағалауда нысаналарды жоюлары қажет.

Астана. 30 Шілде. Kazakhstan Today - "Батыс" өӊірлік қолбасшылығыныӊ теӊіз жаяу әскерлері бригадасы "Каспий теӊізі-2015" байқауын бастайды. Біздіӊ теӊіз жаяу әскерлеріміз "Каспий құнан жарысы" атауымен бірінші кезеӊде өнер көрсетеді, доданыӊ шымылдығын ашып, байқаудыӊ жалпы деӊгейін береді. Қазір олар Каспийск қаласыныӊ "Скорпион" полигонында дайындалуда. Теӊіз жаяу әскерлері бағдар сызбанұсқаларын егжей-тегжейлі зерделеп, БТР-80 бронетранспортерларында қашықтықты еӊсеруді байқап көрді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Байқау шеӊберінде оларға берілген бағдарды барынша жылдам өтіп, сондай-ақ теӊіз бен жағалауда нысаналарды жоюлары қажет. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

"Каспий теӊізі-2015" бірінші халықаралық байқауыныӊ басталуына бір-ақ күн қалғанын айта кетейік. Теӊіз биатлоны тамыздыӊ 1-і мен 15-і аралығында өтеді. Сайыс үш кезеӊнен тұрады. Біріншісі - теӊіз жаяу әскерлері бөлімшелерініӊ жарысуы. Екіншісі - "Каспий кубогы". Оған каспий маӊы елдері Искери-теӊіз күштері суүсті корабльдерініӊ экипаждары қатысады. Олар берілген бағдар бойынша шеӊберді айналады, шағын көлемді теӊіз және әуе нысаналарын, жүзбелі миналарды жою бойынша жауынгерлік жаттығуларды орындайды. Содан кейін корабльді зәкір тұрағына көшіруді, зәкірге қоюды, безендіру жалауларын қолдана отырып, белгілерді қабылдау-тапсыруды жүзеге асырады. Кейіннен экипаждарға корабльдіӊ "төзу апаты" координаталары берілетін болады. Қатысушыларға оқиға орнына келу, құтқаруды жүргізу және бортқа жолаушыларды көтеру қажет етіледі.

Үшінші кезеӊ - "Спорттық". Искери қызметшілердіӊ дене даярлығыныӊ деӊгейін айқындауға бағытталған. Теӊіз жаяу әскерлері бөлімшелері мен суүсті корабльдері экипаждарыныӊ жеке құрамына 100 метрге еркін стильде жүзу, гір спортында жарысу, бөлімше құрамында 5 шақырымға жүгіру, арқан тарту сияқты нормативтерді тапсыру қажет.

Жарыста "Сарыарқа" және "Орал" екі зымыран-артиллериялық корабльдердіӊ экипаждары, сондай-ақ "Батыс" ӨӊҚ теӊіз жаяу әскерлері бригадасыныӊ 20 әскери қызметшісі еліміздіӊ намысын қорғайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны