15.05.2013, 16:12 16982

Қазақстандық ұялы байланыс нарығында төрт оператор жеткілікті

"Біздің еліміз территориясы бойынша өте ауқымды, бірақ халықтың тығыздығы өте төмен, осыған байланысты қазір ұялы байланыс нарығындағы операторлар - Kcell, Beeline, Tele-2, ALtel нарықты қамтамасыз етуге, халықтың сұранысын қанағаттандыруға жеткілікті деп санаймыз", - деді С.Сәрсенов.

Астана. 15-мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстандық ұялы байланыс нарығында төрт оператор жеткілікті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР көлік және коммуникация вице-министрі Сәкен Сәрсенов мәлім етті.

"Біздің еліміз территориясы бойынша өте ауқымды, бірақ халықтың тығыздығы өте төмен, осыған байланысты қазір ұялы байланыс нарығындағы операторлар - Kcell, Beeline, Tele-2, ALtel нарықты қамтамасыз етуге, халықтың сұранысын қанағаттандыруға жеткілікті деп санаймыз", - деді С.Сәрсенов.

Сонымен қатар, ол "таяу арада жаңа операторлар болмайды, оған қоса біз ондай ойыншыларды көріп отырған жоқпыз" деп атап өтті.

Сонымен бірге, ол қазіргі компаниялар арасындағы бәсекелестікті арттыруға баса назар аудару керек деп санайды.

Вице-министр оған қоса үш жылдың ішінде интерконнект (желілер арасындағы қоңыраулар құны) тарифтері бірте-бірте төмендей беретінін айтты.

"Tele-2 және ALtel операторлары өзінің қызықты ұсыныстарымен тарифтердің төмендеуіне ықпал етеді. Меніңше, бұл да жақын арада бәсекелестіктің артуына ықпал етеді", - деп атап өтті вице-министр.

ComNewsResearch талдау агенттігінің мәліметінше, 2013 жылдың ақпанына Қазақстанның ең арзан операторы TELE-2 болып табылады: оператордың ұсынысы бойынша "қоржынның" орташа құны республиканың барлық облыстарында 1093,86 теңгені құрайды, бұл Қазақстан бойынша орташа көрсеткіштен (1932,26 теңге) 43%-ға төмен. Одан кейін "КаР-Тел" компаниясы Вeeline брендімен бірге: 1855,55 теңге.

Рейтингте қарастырылған операторлар ішінде ең қымбаты Kcell брендімен "Кселл" АҚ болып табылады. Оның ұялы байланыс "қоржыны" 2270,93 теңге деңгейінде тіркелген, бұл ел бойынша орташа есептен 16%-ға артық. Компанияның басқа бір бренді Activ "қоржын" құнының орташа есебінен не бары 6%-ға жоғары.

Қазіргі уақытта Қазақстанның ұялы байланыс нарығында Kcell, Beeline, Tele 2, ALtel брендтерімен 4 оператор жұмыс жасайды. Оған қоса нарықтың 80%-дан астамы Kcell және Beeline тиесілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны