22.04.2015, 22:16 3901

Қазақстандық Ұлы Отан соғысыныӊ ардагерлері Мәскеудегі Жеӊіс парадына барады

Ағымдағы жылдыӊ 8-10 мамыры аралығында қазақстандық майдангерлер Мәскеудегі Жеӊістіӊ 70 жылдығына арналған әскери парадқа және басқа да бірқатар мерекелік іс-шараларға қатысады

Астана. 22 сәуір. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдыӊ 8-10 мамыры аралығында қазақстандық майдангерлер Мәскеудегі Жеӊістіӊ 70 жылдығына арналған әскери парадқа және басқа да бірқатар мерекелік іс-шараларға қатысады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ресей Федерациясына Астанадан, Алматыдан, Қарағандыдан, Павлодардан, сондай-ақ Алматы және Оӊтүстік Қазақстан облыстарынан Ұлы Отан соғысыныӊ алты ардагері барады. Соғыс ардагерлерін медицина қызметкерлері алып жүреді. Біздіӊ ардагерлеріміздіӊ Мәскеуге сапары және әскери парадқа қатысуы - жан тебірентерлік оқиға. Өйткені 70 жыл бұрын дәл осы қалада ардагерлердіӊ көбі Ұлы Жеӊісті қарсы алған еді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Сонымен қатар еліміздіӊ 14 облысы мен Астана және Алматы қалаларынан Ұлы Отан соғысына қатысқан 250-ден аса ардагер 6-9 мамыр күндері елордада өтетін Жеӊіс мерейтойы арналған мерекелік іс-шаралардыӊ құрметті қонақтары болмақ.

Деректер бойынша биыл сәуір айыныӊ басында елімізде 4 715 Ұлы Отан соғысыныӊ қатысушылары тұратыны анықталды. Мұрағат мәліметтеріне сәйкес 1941 жылы майданға барлығы бір жарым миллионға жуық қазақстандық аттанған. Олардыӊ жартысынан көбі ұрыс даласындағы шайқастарда және фашистік концлагерлерде тұтқында қаза болды. Сонымен қатар қазақстандықтар тылда армияны отынмен, қарумен, оқ-дәрілермен, тамақпен және киіммен жадбықтау үшін тынбай еӊбек етіп, үлкен қайсарлық танытты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны